Әзірбайжан Орталығы

Сипаттамасы


Әзірбайжан орталығы- Yessenov университетінің бөлімшесі болып табылады. Орталықтың мақсаты Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік және білім беру мекемелерімен байланыс орнату және бірлескен қызметті үйлестіру болып табылады.

Әзірбайжан орталығының тәрбие жұмысына мыналар кіреді:


  • мәдениет және тарих бойынша мәдени-ағартушылық қызмет;
  • студенттердің жобалық іс-әрекетінің әдістемесін басқару;
  • оқу-әдістемелік кешендерді, оқу бағдарламаларын әзірлеу;
  • халықаралық оқу орындарымен тәжірибе алмасу.

Әзірбайжан орталығының ғылыми-зерттеу жұмысына мыналар кіреді:


  • семинарлар, дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
  • зерттеу материалдарын (мақалалар, монографиялар және т.б.) дайындау және басып шығару;
  • ғылыми-кеңес беру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу.

Әлеуметтік-тәрбие жұмысына мыналар жатады:


  • шарттық қатынастар, білім беру, мәдениет мекемелерімен, мемлекеттік, аймақтық және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл бойынша;
  • Әзірбайжан Республикасының қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастық;
  • оқытушылар мен студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру;
  • студенттерді Әзірбайжан Республикасының мәдениетімен, дәстүрлерімен, негізгі саяси оқиғаларымен таныстыратын мәдени іс-шараларды өткізу;
  • мәдениетке, тілге толерантты, құрметпен қарауға тәрбиелеу;
  • Әзірбайжан орталығының жұмыс тәжірибесі мен нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.