American English MOOC Facilitated Sessions жобасы

American English MOOC Facilitated Sessions жобасы

2020 жылының қантар айында ҚР ағылшын тілі мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы (KazTEA) және Нұр-сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің жанындағы Ағылшын тілі бағдарламаларының аймақтық офисі (RELO) Yessenov University-мен бірігіп ағылшын тілі мұғалімдері мен STEM, сондай-ақ осы саладағы педагогикалық бағыттар бойынша білім алушыларға ағылшын тілін онлайн ресурстарды пайдалану арқылы үйрену жобасын бастады.
Жобаның мақсаты: АҚШ Елшілігі жанындағы ағылшын тілі бағдарламасының аймақтық офисінің (RELO) онлайн ресурстарын ағылшын тілі және STEM мұғалімдерін дайындау және оқу / оқыту кезінде осы оқу материалдарын қолдану арқылы көпшілікке жария ету.

Жобаның міндеттері: ағылшын тілін меңгеру деңгейін жақсарту және креативті және сыни ойлауды дамыту мақсатында ағылшын тілі мұғалімдері мен пән мұғалімдерін онлайн ресурстармен таныстыру.
Қамтылатын тақырыптар:
1. Ағылшын тілі және медиасауаттылық.
2. STEM — «Химия», «Биология», «Информатика», «Физика» пәндері бойынша мұғалімдерге арналған ағылшын тілі.
Тыңдаушылар: «Шетел тілі: екі шетел тілі» / «Шетел филологиясы», «биология мұғалімі», «химия мұғалімі», «информатика мұғалімі», «физика мұғалімі» мамандықтарының студенттері мен мұғалімдері, техникалық және гуманитарлық мамандықтардың оқытушылары.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2020 жыл қаңтар – мамыр.
Жоба координаторы: “Әлемдік тілдер” кафедра меңгерушісі/Yessenov Language Center директоры Жаннат Бубекбаева.

Leave a Reply