6В01401-Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының мақсаты:
6В01401-дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы бойынша білімнің негізгі мақсаты:
− кәсіби қызметте қажетті фундаменталды білімді, іскерлікті және құзыреттілікті қалыптастыру;
— экологиялық, дене және этикалық, құқықтық мәдениет пен ойлау мәдениетін қалыптастыру;
— жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру;
— жастарды Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, төзімділік рухында тәрбиелеу.
6В02101-Дәстүрлі музыка өнері
Дәстүрлі музыка өнерінің теориялық, практикалық мәселелері бойынша алған білімдерін оқытуда, білім беруді ұйымдастыруда, ғылыми-зерттеуде қолдана алатын, қоғамның моралдық, этикалық нормаларын сақтай отырып, дәстүрлі музыка өнерін зерделеу арқылы жас ұрпақты қазақ халқының мәдениетіне, түркі халықтарының рухани құндылықтарына құрмет көрсетуге және отансүйгіштік рухта тәрбиелейтін, мәдени шығармашылық, әлеуметтік-әкімшілік ортаны ұйымдастыратын және басқаратын әлеуметтік жауапты маман дайындау.
Мамандықтың қызмет тізбесі: өнер колледжінің оқытушысы, музыка мектебінің мұғалімі, әдіскер, тренер, жетекші, БАҚ қызметкері (тілші, журналист, редактор, бағдарлама жүргізуші т.б.), мәдениет және әкімшілік қызметкері, хатшы, маман, іс жүргізуші, кадр бөлімінің қызметкері, кеңсе іс қағаздарын жүргізуші, театр қызметкері (редактор, режиссер т.б.) т.б.
Кәсіби қызмет түрлері:
— Музыка пәнінен сабақ беру
— Сахнада ән, жыр, күй орындау
— Жыр, ән, күй үйрету курстары, тренингтер өткізу
— Театр,мәдениет саласындағы шығармашылық жұмыстар
— Ғылыми-зерттеу жұмыстары
— Ақпараттық-талдамалық жұмыстар
— Педагогикалық қызмет
— Мәдени, тәрбиелік шаралар ұйымдастыру
— Ұйымдардағы жетекшілік қызмет
Музыкалық теориялық пәндер модулі:
Мамандыққа кіріспе
Сольфеджио
Негізгі музыкалық аспап : Домбыра
Негізгі музыкалық аспап : Қобыз
Негізгі музыкалық аспап : Баян
Дауысты қойдырту
Фортепиано
Қосымша музыкалық аспап:
(қылқобыз,домбыра,сырнай)
Гармония