«Кураторды топпен таныстыру, сабаққа қатысуды қадағалау, топ студенттерінің ағымдағы және семестрлік үлгерімін бақылау, жеке студенттердің артта қалу себептерін талдау және осы себептерді жоюға көмектесу»

22 қыркүйек сағат 10.00 де, Есенов университетінің Әзірбайжан орталығында(каб.Е206) кураторлық сағат өтті.Кураторлық сағаттың басты мақсаты, куратордың топпен тікелей байланыс формасы. Бұл жиналыс студенттердің танымдық қызығушылықтарын дамытуға ықпал ететін топтық жиналыс, тәрбие сағаты, экскурсия немесе тақырыптық дәріс түрінде өткізілуі мүмкін. Студенттер оқу бағдарламаларында көрініс таппаған білім шеңберін кеңейтуде. Талқылау объектісі кез-келген құбылыс немесе оқиға болуы мүмкін. Бұл әртүрлі ақпарат болуы мүмкін: тұлғааралық қатынастар, қарым-қатынас мәдениеті, салауатты өмір салты, қозғалыс белсенділігінің маңыздылығы және т.б..
Сондай-ақ сабаққа қатысуды, топ студенттерінің ағымдағы және семестрлік үлгерімін бақылау, студенттердің артта қалу себептерін талдау және осы себептерді жоюға жәрдемдесу жүргізілді. Студенттердің үлгермеуі олардың жеке ерекшеліктерімен және олардың дамуы жүретін жағдайлармен табиғи түрде байланысты екендігі атап өтілді.

Leave a Reply