Егемендік — елдігім, Тәуелсіздік — теңдігім!

2023 жылдың 23 қазанында Республика күніне арналған Yessenov Universityнің Туризм және тілдер факультетінің Халықаралық қатынастар және туризм кафедрасының аға оқытушылары Есетова Г.Б. және Исаева Л.Н. кураторлық топтарында «Егемендік — елдігім, Тәуелсіздік — теңдігім» атты танымдық іс-шарасын өткізді. Кураторлық сағаттар Хатықаралық қатынастар мамандығының 2 және 4 курс студенттеріне қатысып, белсенділік танытып, өздері дайындаған презентацияларын баяндады.
Шараның мақсаты — білім алушыларға қазақ халқының егемендікке жету жолындағы тарихи кезеңдер туралы мағлұмат беру, Отанға деген азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру. Іс-шара барысында студенттерге еліміздің егемендік алғаннан кейінгі саяси-экономикалық, дипломатиялық қатынастары, қоғамдық-мәдени дамуындағы жетістіктері жөнінде баяндалды. Шара жоғары деңгейде өтті.

Leave a Reply