«25 қазан – Республика күні»

2023 жылы 23 қазанда Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Туризм және тілдер факультеті «Каспий маңы мемлекеттерінің халықаралық қатынастары» мамандығының 2 курсының көптілді оқу тобының студентеріне «25 қазан – Республика күні» тақырыбында кезекті кураторлық сағат өткізілді.  Кураторлық сағат барысында студенттерге Республика күні – ұлттық мерекесінің қайта қалпына келтірілуі, оның мәні, 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының тарихы, мазмұны, мерекенің мемлекет үшін рөлі туралы ақпарат берілді. Топ кураторы, Халықаралық қатынастар және туризм кафедрасының аға оқытушысы Исаева Ләззат Нығметқызы студенттерге өз еліміздің тарихын білудің маңыздылығын атап өтті. Берілген мәліметтер студенттердің бойында патриотизмді, жауапкершілікті дамытуға ықпал етеді.

Leave a Reply