Бағдарламалар

6В01401-Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының мақсаты:

6В01401-дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы бойынша білімнің негізгі мақсаты:

− кәсіби қызметте қажетті фундаменталды білімді, іскерлікті және құзыреттілікті қалыптастыру;

— экологиялық, дене және этикалық, құқықтық мәдениет пен ойлау мәдениетін қалыптастыру;

— жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру;

— жастарды Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, төзімділік рухында тәрбиелеу.

6В02101-Дәстүрлі музыка өнері
Дәстүрлі музыка өнерінің теориялық, практикалық мәселелері бойынша  алған білімдерін оқытуда, білім беруді ұйымдастыруда, ғылыми-зерттеуде қолдана алатын,  қоғамның моралдық, этикалық нормаларын сақтай отырып, дәстүрлі музыка өнерін зерделеу  арқылы жас ұрпақты қазақ халқының мәдениетіне, түркі халықтарының рухани  құндылықтарына құрмет көрсетуге және отансүйгіштік рухта тәрбиелейтін, мәдени шығармашылық, әлеуметтік-әкімшілік ортаны ұйымдастыратын және басқаратын әлеуметтік  жауапты маман дайындау.

Мамандықтың қызмет тізбесі: өнер колледжінің оқытушысы, музыка мектебінің  мұғалімі, әдіскер, тренер, жетекші, БАҚ қызметкері (тілші, журналист, редактор, бағдарлама  жүргізуші т.б.), мәдениет және әкімшілік қызметкері, хатшы, маман, іс жүргізуші, кадр бөлімінің  қызметкері, кеңсе іс қағаздарын жүргізуші, театр қызметкері (редактор, режиссер т.б.) т.б.

Кәсіби қызмет түрлері: 
— Музыка пәнінен сабақ беру
— Сахнада ән, жыр, күй орындау
— Жыр, ән, күй үйрету курстары, тренингтер өткізу
— Театр,мәдениет саласындағы шығармашылық жұмыстар
— Ғылыми-зерттеу жұмыстары
— Ақпараттық-талдамалық жұмыстар
— Педагогикалық қызмет
— Мәдени, тәрбиелік шаралар ұйымдастыру
— Ұйымдардағы жетекшілік қызмет

Музыкалық теориялық пәндер модулі:
Мамандыққа кіріспе
Сольфеджио
Негізгі музыкалық  аспап : Домбыра
Негізгі музыкалық  аспап : Қобыз
Негізгі музыкалық  аспап : Баян
Дауысты қойдырту
Фортепиано
Қосымша музыкалық  аспап:
(қылқобыз,домбыра,сырнай)
Гармония

Білім беру бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу үшін жалпы ғылыми, әлеуметтік- мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді қамтиды.

міндеттері:

— ұсынылатын білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестігі;

— еліміздің батысында жетекші оқу-ғылыми және спорт орталығы ретінде университеттің халықаралық имиджін қалыптастыру;

– білім беру және әлеуметтік қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы оқу, ғылыми және спорттық базалар мен жағдайлар жасау.

Миссиясы:

-Дене шынықтыру және спорт саласында қоғамға қажетті, Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді ықпал ете алатын, еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын және халықаралық білім беру стандартына сай келетін мамандарды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету.

6В01401-Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының ерекшелігі:

  • Маңғыстау өңірінде спорттық туризмнің дамуын зерттеу;
  • табиғи ерекшеліктерін ескере отыра спорттық жаяу туризмді дамыту;
  • Маңғыстау облысы бойынша экстремалдық туризімді, су туризімін, тағыда басқа белсенді туризм түрлерін дамыту болып табылады.

Кәсіби қызметінің функциялары:

  • — дене шынықтыру және дене тәрбиесі мұғалімі және оқытушы ретінде білім беру, тәрбие, спорттық, ұйымдастыру-бұқаралық және сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
  • — мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында спорт түрлері бойынша топтарда жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу
  • спорт түрінен жаттықтырушы ретінде;
  • -жаттығу процесін ғылыми негізделген құралдармен және жаттығу және оңалту әдістерімен қамтамасыз ету;
  • — оқу орындарында, клубтарда, мекемелерде дене шынықтыру және спорт бойынша жарыстар, спорттық мерекелер өткізу және төрешілік ету.

Білім алушының нәтижесі:

6В01401- «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқу бағдарламасын аяқтағаннан соң бітіруші, 6В01401- «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім бакалавры іргелі білімдерді меңгерген және кең дүниетанымы қалыптасқан, еңбек нарығы мен технология талаптарының өзгерісіне сәйкес бейімделуге қабілетті, командада жұмыс жасай алатын маман болуы қажет.