2019 жылдың 26-30 наурыз аралығында Қостанай қаласында өткен, ересектер мен жастар арасындағы Қазақстан Республика Чемпионатынан Yessenov University «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті — Султанов Рыскелді 1-орынды иеленді. Аталған ел біріншілігіне 14 облыс және Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларынан 300-ден астам спортшы қатысты. Жеңісін құтты болсын! Алдағы жарыстарына сәттілік!!!

