Үйірмелер

«Заманауи би» үйірмесі

Заманауи би-бұл би алаңында өзіңізді көрсетудің тамаша тәсілі ғана емес, сонымен қатар өзіңізді жақсы білуге, өзін-өзі тануға мүмкіндік береді. Қазіргі би – бұл қоршаған әлемді түсінуді, қазіргі заманның әуендері -поп-Музыка, киім стилі, еркіндік арқылы жеткізуді үйретеді

Жетекшісі: Дәулет Балабай

«Қазақ би» үйірмесі

Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер.Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері, би қимыл-қозғалыстары мен би шараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді.

Жетекшісі: Орынбасарова Камшат Айнуратқызы

«Домбыра» үйірмесі

Домбыра – ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Сондықтан икем, талпыныс, сабырлық және төзімділік болуы керек. Домбыра үйірмесінде студентер домбыра аспабының қыр сырын ұғынып, домбыра үйренеді.

Жетекшісі: Ізімова Алмагүл Әділбиқызы

«Жайдарман» үйірмесі

Егемендік пен тұрақтылықты ту етіп, халқымыздың рухани және мәдени топтасуы мен ұрпақтар сабақтастығын ұштастыруды, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар үйірмесі – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.

Жетекшісі: Базарбай Бауыржан

«Kórkem-sýret jáne beıneleý» үйірмесі

«Kórkem-sýret jáne beıneleý» үйірмесі талантты студенттердің сурет салу қабілетін шыңдауға, бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйрету мақсатына бағытталған.

«Kórkem-sýret jáne beıneleý» үйірмесінің жетекшісі — Қалдыбаев Сағынбай Пірназарұлы — республикалық, облыстық конкурстардың жүлдегері, тәжірбиелі қыл қалам шебері.

Үйірмеге қатыса отырып студенттер, сурет салу машығын дамыта отырып, әлемнің суретшілер еңбектерін талдап, аталмыш саланы толық меңгеретін болады.