Журналистерге арналған «Кәсіби ағылшын тілі» бағдарламасы

Журналистерге арналған «Кәсіби ағылшын тілі» бағдарламасы

Журналистерге арналған «Кәсіби ағылшын тілі» бағдарламасын “Әлемдік тілдер” кафедрасының CELTA, TESOL және TKT сертификаттарының иегері аға оқытушы Сона Агаева жүргізеді. Бұл жоба British Council және АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігімен ұйымдастырылған. Бағдарламаның мақсаты – журналистердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға және елдің үштілдікке өтуі үдерісінде ағылшын тілін білуді кеңейтуге деген Қазақстанның ұмтылысын қолдау.
Курсқа Маңғыстау өңірінің баспасөз, телевизия, радио- және онлайн бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арналған 160 сағат оқу кіреді. Сабақ Yessenov Language Center, Yessenov University, Ақтау қаласында өткізіледі. Бағдарламаны АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі қаржыландырады – қатысушылар үшін курс тегін болады. 

Leave a Reply