12 наурыз күні Yessenov University-де «Адалдық алаңы» тақырыбында интеллектуалдық QUIZ ойыны өтті.
Шараның мақсаты жастар арасында танымал интеллектуалдық ойын арқылы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен парасаттылықты дамыту, жастардың арасында білім культін және зияткерлік ортасын қалыптастыру.
Интеллектуалдық QUIZ ойынын жүргізген өлкеміздің мықты, қайратты журналист, BasTime_Aktau қазақша куиз жетекшісі және жүргізушісі Алтынгүл Меңдіхан. Ойын 6 кезеңнен тұрды. Тапқырлық пен шапшаңдықты, терең ізденісті қажет ететін сайысқа қатысушылар белсене қатысып өз білімдерін шындады.
Шара қонағы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Превенция , басқармасының бас маманы Мұқатай Н.Т. және «Туризм және тілдер» факультетінің деканы Айтбаева Н.Қ интеллектуалдық QUIZ ойынына төрелік етіп, жеңімпаздарды диплом және сыйлықтар табыстап, марапаттады.