Sapar Time компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті

Sapar Time  компаниясының өкілдерінің Туризм және тілдер факультетінің Халықаралық қатынастар және туризм кафедрасының Туризм мамандығы бойынша  кездесуі өтті. Кездесуге компания директоры Жумасилов Т.С., гид -экскурсовод Чабиков Н. және Халықаралық қатынастар және туризм кафедрасының меңгерушісі м.а. Онгарова Е. мен  Қонақүй ісі және мейрамхана бизнесі мамандығының координаторы Низаматдинова Ж. Қатысты. Кездесуде Маңғыстау облысында туризмнің дамуы және экскурсиялық маршруттардың ұйымдастырылуы туралы сөз болды. Кездесу барысында компанияның құрылуы, дамуы және қазіргі кездегі алға қойып отырған мақсаттары жайлы әңгіме қозғалды. Кездесу соңында Sapar Time  компаниясының өкілдерінің қолдауымен Туризм мамандығының студенттерінің Sapar Time  компаниясында практикадан өтуге екі жақты келісімге қол қойылды.

Leave a Reply