«Туризм және тілдер» факультеті, «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының студенттері халықаралық «Халықаралық қатынастар: бейбіт диалог мәдениеті» байқауында жеңіске жетті.
2024 жылдың 22-25 мамырында Ашхабад қаласында Орталық Азия елдері, Каспий маңы мемлекеттері, Иран, Түркия Республикасы және Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарының қатысуымен «Халықаралық қатынастар: бейбіт диалог мәдениеті» халықаралық байқауы өтті.
Жас интеллектуалдар байқауы 2024 жылғы наурызда Түрікменстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған 2025 жылды — Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы деп жариялау туралы қарарында көрсетілген идеялар мен қағидаттарды қолдау аясындағы алғашқы іс-шаралардың бірі болды.
Біздің студенттеріміз Аружан Абдулаева, Жасмина Закария және Айна Етрек, аға оқытушы Гүлзира Бурқытқызы Есетовадан жетекшілігімен осы байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Аружан Абдулаева жеке кезеңде Алтын медаль, 1 дәрежелі Диплом жүлдегері болып жеңіске жетті. Жасмина мен Айна сертификаттар мен сыйлықтарға ие болды.
Айта кету керек, олимпиада екі кезеңде өтті. Қатысушылар жеке және командалық жұмыстар бойынша бағаланып, оларды сәтті орындады.
Студенттердің айтуынша, бұл олардың көкжиегін кеңейтуге көмектескен тамаша тәжірибе болды.
Әртүрлі елдердің делегациялары олимпиаданың жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткеніне және елдер арасындағы байланысты нығайтқанына бірауыздан келісті.