«Туризм және тілдер» факультеті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы оқытушылары О.Д.Табылдиева мен Н.Қ.Арашова 5 наурыз күні Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Бағзыдан жеткен бабалар мұрасы» атты «Жалпы тарих» бөлімінің меңгерушісі Амандықова Марина Балтабекқызымен мәдени – танымдық шара ұйымдастырды. Өнер философиясы тақырыбын терең түсіну мақсатында Киелі Маңғыстау өлкесіндегі ұлттық салт дәстүрлер мен мәдени рәсімдер және рухани құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері туралы толық мәліметтер бергіміз келді. Шара бағдарламасында:
- «Зер қадірін білген зергер» — Маңғыстаулық белгілі зергер Атанша Өтешұлының өмірі мен қолынан шыққан зергерлік бұйымдарымен танысу, мән-мағынасын ашу;
- «Киіз үй — ұлттық құндылықтар қазынасы» — Евразия көшпенділерінің қысы-жазы баспанасы болған киіз үйдің сүйектерімен, жасау — жабдықтарымен таныстыру;
- «Маңғыстау қазақтарының ұлттық киімдері» – Маңғыстау өңірінің ұлттық киімдеріндегі ерекшеліктер, ою – өрнектері, мән-мағынасы таныстырылды.
Студенттер өзін толғантқан сұрақтарға жауап алды. Бұл кездесу бірегей тарихы мен мәдени мұрасы бар өлкеміздің ерекшеліктерімен танысуға, сақтауға, насихаттауға септігін тигізетін әдемі кездесу болды.
#ank
#yessenovuniversity
#mangystau_museum