2023 жылғы 25 қазанда «6В11101-Туризм» мамандығының 3 курс студенттері Қазақстан Республикасы күніне арналған туристік маршрут ұйымдастырды. Бұл бағытта студенттер Маңғыстау облысының киелі орындарымен, Шақпақ Ата мен Сұлтан Үпі жерасты мешіттерімен, сондай-ақ Қапамсай жерімен танысты.Туризм мамандығының 3 курс студенттері экскурсия өткізіп, маршрутпен толық танысты. Yessenov University сапарды көлікпен қамтамасыз етті.

