«Тіл мәртебесі — ел мәртебесі»

А.А. Әмірбаевамен 1 курс туденттердің 2023 жылғы 19 қыркүйек күні өткізілген кураторлық сағаттың мақсаты студенттерді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз ана тілін пайдалануға, қарым-қатынас, білім алу, оқыту және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар екендігімен таныстыру болды. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні болып жарияланды. Жыл сайын 22 қыркүйекте Қазақстанда тілдер күні атап өтіледі. Бұл Қазақстанның барлық халықтарына ортақ мереке. Тілдердің көпұлтты мерекесі мынадай идеяға негізделген: әрбір тіл – бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке қосылған баға жетпес үлес. Республикада 130 ұлт өкілдері тұрады. Оның үстіне олардың әрқайсысының қайталанбас рухани және материалдық мәдениеті, өзіндік тарихы, дәстүрі мен әдет-ғұрпы бар. Кураторлық сағатта студенттер әлем халықтарының кейбір тілдерінің ерекшеліктерімен танысып, әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрлерін талқылады. Студенттер өз ана тіліне және басқа халықтардың тілдеріне деген құрметтерін білдірді. Тілдік кемсітушілік мәселесі де талқыланды.

Leave a Reply