Кемел адам

Буктрейлер — кез келген әдеби шығармаларды не өнер туындысын интернет технологиялары арқылы  жарнамалап, оқырмандарды кітап оқуға шақыратын, кітап оқуға қызықтыратын  заманауи жанр.

Мақсаты — жаңа жарық көрген кітаптарды жарнамалау және кітаптарға назар аудара отырып, оқуды насихаттау.

Буктрейлерінің басты міндеті — болашақ оқырманды қызықтыру және таң қалдыру, оқиға желісіне және көркем шығарманың кейіпкерлеріне назар аудару. Буктрейлерін жасау кезінде бейнелерді, иллюстрацияларды, фотосуреттерді, кітап мұқабаларын пайдалануға болады.

Есенов университеті Филология-22-3 тобының студенттері Сыпатай Қарлығаш, Жасұланқызы Ақниет, Бидаулетова Зейнеп, Бисенбаева Арай, Құрбанбай Лаззат «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары О.Д.Табылдиева мен Н.Қ.Арашованың басшылығымен  алғаш рет Қайрат Жолдыбайдың «Кемел адам» кітабына буктрейлер дайындалды.

Қайрат Жолдыбайұлы «Кемел адам» кітабында жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқырманын “КЕМЕЛ АДАМ” болуға шақырады. Кітаптың бірінші бөлімінде кемелденудің психологиялық кедергілері түсіндіріліп, түйіні тарқатылса, екінші бөлімде тән саулығының маңыздылығы, денсаулықты күтудің жолдары мен жай-жапсары баяндалады. Үшінші бөлімде уақытты тиімді пайдалану және жоспарлау тәсілдері мен тетіктері берілген. Төртінші бөлімде қаржылық сауаттылық жайлы түсіндіріліп, тапқан табысты нәтижелі жұмсаудың бағыт-бағдары айтылады. Ал бесінші, алтыншы бөлімде эмоциялық зерде, яғни байсалдылық танытып, көңіл-күй, сезімдерімізді басқару тәсілдері мен қарым-қатынас қағидалары жан-жақты түсіндіріледі. Әр бөлім мысалдар және рухани ұстын, қағидалармен бекітіліп отырады.

#ank

#yessenovuniversity

#kemel_adam

Leave a Reply