АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

Жастардың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, шыншылдық қасиеттерін сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Yessenov University Yessenov TaLf «Туризм және тілдер» факультетінің студденттеріне арналған ««Адалдық сағаты» атты бірыңғай кездесу болып өтті.
Шара барысында студенттерге ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы бойынша пара беруші де, алушы да қылмыс бұзған болып саналатындығы, Заң талаптарына сәйкес жазалануы, 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойғандығы, Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдағандығы туралы мәселелер сөз болды. «Адалдық» сағатта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнамаларды өмірде қолдана білу бойынша «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшісі Ізтұрғанова Гүлнар түсінік беріп, таза және адал еңбек етуге білімалушыларды шақырды.
Факультеттің вице деканы Бактореев Жанаман білім алушыларға «Әлеуметтік қоржыны» туралы ақпарат беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Адалдық сағатқа Yessenov University Кафедра «Международные отношения и Туризм» «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының 1 курс студенттері және аға кураторы Гулзира Есетова қатысты.
Шара соңында ғалым Ш. Есенов туралы бейнебаян көрсетілді.

Leave a Reply