Маңғыстау аспан астындағы мұражай

«Туризм және тілдер» факультеті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы оқытушылары О.Д.Табылдиева мен Н.Қ.Арашова 21 ақпан күні ҚХА кафедрасы оқытушылары Тарих мамандығының 1курс студенттерімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында «Маңғыстау аспан астындағы мұражай» атты Құлбаев Нұрлан Абызұлымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында студенттер «Ежелгі Маңғыстау мұралары»,  «От киесі», «Маңғыстаудың киелі орындары», «Маңғыстау — ашық аспан астындағы мұражай», «Сисем-ата қорымы», «Ортағасырлық Қызылқала қалашығы», «Маңғыстау петроглифтері», «Алтын Орда кезеңіндегі Маңғыстау»  тақырыптық жылжымалы көрмелерімен таныса отырып, археологиялық экспедициялардың жүру барысымен, Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қорғауға алынған көптеген ескерткіштермен танысты.

Сонымен қатар Қосқұдық І-ІІ, Басқұдық, Кетікқала қалашықтары, ерте темір дәуірінің Тасбас, Құйрықты, Алтынқазған діни-қабірлеу кешендері, ерте темір дәуірінің Бәйте-3, Түбежік-1,2, Меретсай-1,2, Дықылтас ғибадатханалары, қола дәуірінің Саура бекінісі, Ұлкенқұдық діни-қабірлеу кешені, ортағасырлық Сұлтан-үпі, Шақпақ-ата жерасты мешіттері, Сисем-ата, Көккүмбет, Ақшора, Сырлытам қорымдарында жүргізілген археологиялық зерттеулер туралы сұрақтарға жауап ала алды.

Бұл кездесу бірегей тарихи мұрасы бар өлкеміздің ерекшеліктерімен танысуға, сақтауға, насихаттауға септігін тигізетін әдемі кездесу болды.

#ank

#yessenovuniversity

Leave a Reply