Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа кезекті Жолдауын эдвайзер Әмірбаева А.А. 1 курс студенттерімен кураторлық сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының өткені мен бүгіні туралы білім алушылардың білімін байыту болды. Жолдауда белгіленген жаңа мақсаттар азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелерін шешуге бағытталғаны туралы студенттерге түсіндірілді. Президенттің орта бизнесті дамыту, берік индустриялық негіз құру, экспортты ынталандыру, макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу және т.б. міндеттелген іш шараларды эдвайзер талқылады. Сонымен қатар, көптеген прогрессивті міндеттер, су және энергия үнемдейтін технологиялар саласында және жаңартылатын энергия жобаларын жүзеге асыру керек екендігін студенттер растады. Студенттер болашаққа батылдықпен қарайтынын, табиғи ресурстарды ұқыпты тұтынуға, болашақ ұрпаққа сақтайтынына уәде етті.