Ш.Есенов университеті аясында Туризм және тілдер факультетінің деканы Айтбаева Нұрсәуле Қонарбаева және түрік тілі ұстазы Мехмет Каваклының былтыр қолға алып бастауымен Түркия Республикасының ТИКА ұйымының қолдауымен Түрік тілі аудиториясы ашылды. Іс-шараға Түркия Республикасының Ақтау консулы, Азербайжан Республикасының Ақтау консулы, Иран Республикасының Ақтау консулы, Өзбекстан Республикасының Ақтау консулы қатысты. Шара соңында университет ректоры Берік Ахметов ТИКА ұйымының Қазақстандағы өкілі мен Түркия Республикасының Ақтау консулын марапатады.