Діни туризм

07.12.2023 қонақ үй менеджментінің халықаралық бизнес магистрі, «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Әмірбаева Ақерке Алмазқызы «Діни туризм» пәні бойынша “Діни туризмнің туристік өнімдері» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабақ барысында студенттер туристік агент ретінде 3 бағыт бойынша қажылық мақсаттағы туристік өнімді әзірлеп, сату техникасымен бөлісті. Ойдан шығарылған туристік компанияның аты Hickmet travel болды. Жұбаназарова Шұғыла ислам діні бағыты бойынша, Аманжолова Альбина буддизм діні бойынша және Аманқосова Бахыт католизм діні бойынша туристік саяхаттарды ұсынды. Ұсынылған бағыттар бойынша туристік саяхаттар трансфер, қонақ үйде орналасуды, қала іші экскурсияны, тамақтандыруды қамтыды. Нәтижеде, студенттер менеджер ретінде өзінің кәсіби біліктілігімен тыңдармандарды қызықтыра білді, ал тыңдармандар өз кезегінде болашақта діни туризм бағытында саяхаттау туралы түсінік алды.

Leave a Reply