Yessenov University-де студенттік ғылыми конференция өтті

2025 жылдың 15 сәуірінде Yessenov Science Week – 2025 ғылым апталығы аясында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Туризм және тілдер факультетінде «Қазақстанның Каспий маңы елдерімен халықаралық байланыстарын нығайтудағы мәдени дипломатияның рөлі» атты студенттік ғылыми конференция өтті.

Конференцияны Халықаралық қатынастар және туризм кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шараға университеттің 2–4 курс студенттері қатысып, мәдени дипломатияның теориялық негіздерін және Каспий маңы елдерімен тарихи-мәдени байланыстарды талқылады.

Конференция екі секциядан тұрды. Студенттер заманауи халықаралық қатынастардағы мәдени алмасу, жаһандану үдерісіндегі ұлттық бірегейлік, цифрлық дипломатия, сондай-ақ Ақтаудың түркі әлеміндегі мәдени рөлі секілді тақырыптарда баяндама жасады.

Іс-шара студенттердің ғылыми-зерттеу қабілеттерін арттырумен қатар, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтың болашағы жайлы пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Leave a Reply