Қызметі: «Әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: Шетел тілі ғылымдарының магистрі
Сабақ беретін пәні: Академиялық жазу, Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі, Ағылшын тілінің айтылуын талдау, Ағылшын тілінің грамматикалық талдауы, Кәсіби шет тілі, Cабақты жобалау және бағалау, Зерттеу және жобаны ұйымдастыру
Жетістіктері: 2020-2023 аралығында Ағылшын филологиясы және Әлем тілдері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Өзінің еңбек жолында 6В01705 — Шетел тілі:екі шетел тілі БББ аккредиттеуден өткізуге белсенді қатысты.
2021-2022 оқу жылында ағылшын тілі педагогтарын даярлайтын 7М01704 — TESOL магистратура бағдарламасын жасақтап, қолданысқа енгізді. Сонымен қатар, Америка елшілігімен қоянқолтық жұмыс жасап, Педагогикалық университеттерді дамыту жобасын және пандемия кезінде Virtual English Language Fellow, ал пандемия біткен соң in person English Language Fellow бағдарламасын іске асырды.
2023-2024 оқу жылында Финндық мектеп негізінде білім беру бағдарламасы мен силлабус даярлау курсын сәтті аяқтады.
Жарияланымдары: мемлекеттік тілдегі және ағылшын тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулардың, 10-нан астам басылымдарда, соның ішінде алыс шетелдерде және ТМД елдерінде бірнеше рет халықаралық конференцияларға мақалалардың авторы.

