2023 жылы қыркүйектің 5-і күні Е209 аудиторияда сағат 14:30-да Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа кезекті Жолдауын “Халықаралық қатынастар және туризм кафедрасының” оқытушылары талқылады. Акмарал (фио) Жолдауда еліміздегі туристік әлеуетті толық пайдалану керек екендігі айтылған деп байқады. Гульзира (фио) Ақтау қаласында жиі ауыз судың, тоқтың жеткіліксіздігі байқалатынын айтты. Жалпы, ел бойынша осы проблемалар өзекті мәселеле болып тұрғанын ескертті. Сол себептен, Президенттің жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыру тапсырмасы қазіргі уақытта өте орынды шара екенін мақұлдады. Оның ішінде су мәселесіне жоғары назар аударылған екен. Елена (фио) Жолдауда “жасыл экономика”-ны дамытуға басты екпін қойылғанын айтты. Яғни, жаңа Экология кодексі және Көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің 2060 жылға дейінгі стратегиясы қабылданғандығын айтты. Отырыста барлығы 9 оқытушы пікір айтысты.