2020 жылғы 24 сәуірде Yessenov University-дің «Базалық» факультетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттік волонтерліктің өзекті мәселелері бойынша сындарлы және ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында “Студенттердің волонтерлік қызметі: қазіргі жағдайы, мәселелері, перспективалары” атты облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн- конференция өткізілді.
Конференция жұмысына облыстағы волонтерлік қызметтің жетекші сарапшылары, үйлестірушілері, мемлекетік ұйымдар, ҮЕҰөкілдері, университет оқытушылары мен студент жастар қатысты.
Конференция секцияларының жұмыстары келесі бағыттарда жүргізілді:
1. Студенттік волонтерлік жобалар: негізгі бағыттар, тәжірибе және даму үрдістері;
2. Аймақтағы өзекті мәселелерді шешудегі студенттік волонтерлік қызметтің рөлі: мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекет
3. Волонтерлік қозғалыс зерттеу объектісі ретінде (тарихи-мәдени, нормативтік-құқықтық, психология-педагогикалық, экономикалық және т. б. аспектілер)
Ғылыми шара барысында студенттердің волонтерлік қызметін сапалы жүзеге асыру бағытында көптеген пайдалы ұсыныстар мен ұтымды пікірлер айтылды.