Yessenov University қабырғасында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында Yessenov University Кафедра “Международные отношения и Туризм” “Халықаралық қатынастар және туризм” кафедрасының студенттеріне итальяндық саясаттану ғылымдарының профессоры Алессандро Фигус мырза “Саяси шиеліністер мен дағдарыстар. Әлемдік саясат және модернизация” тақырыптарына дәріс оқыды.
Профессор Алекссандро Фигус “Халықаралық қатынастар” мамандығының 1 курс студенттеріне қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар дамуының негізгі тенденциялары: әлемнің тұтастығы мен өзара тәуелділіктің артуы, халықаралық қатынастарда көпұлтты жүйенің пайда болуы, қарама- қайшылықтар мен шиеліністерді шешуде саяси құралдардың ролінің артуы және т.б. саяси теория төңірегінде әңгіме қозғады.
Студенттердің де әлем саясатына деген қызығушылығы жоғары болды. Дәріс ағылшын тілінде өтседе студенттер өз ойларын ортаға салды, сұрақтар қойып сауалдарына жауап алды.
Профессор кафедраның профессор-оқытушылық құрамымен де ашық сұхбат ұйымдастырып әңгіме құруда.