Назарбаева Нина Феодровна
№3 АӘҚКО директоры Ш. Д. Каракушиковамен университетте кездесу өткізіліп, әлеуметтік жұмыстың бағыттары анықталды. Нақтырақ айтсақ, «ерекше» балаларға шығармашылық көмек көрсету бағыты. Студенттермен бірге өткізілген әр күн жағымды эмоцияларға толы болды. Тәрбиеленушілерімен кездесуге қуана келе жатқан жас педагогтарды көргенде жүрегімізді қуаныш кернеді. Іс-шараны дайындаған студенттердің бойынан мынадай қасиеттерді байқадым: шығармашылық, ұйымшылдық, дербестік, ізгілік, ерекше балаларға деген сезімталдық. Яғни, көмек көрсету жастардың жүрегінде имандылылық, ізгілік,мейірімділік сияқты жақсы қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді. Егер сен өз жолыңды табу жолында жүрсең және шын мәнінде қызықты нәрсе іздесең, онда игі істер жасау арқылы өз-өзіңді танудың және өзінің шығармашылық әлеуетін іске асырудың ең жақсы тәсілдерінің бірі. Жаңа қызмет түрлерін игере отырып, студенттер әлеуметтік қасиеттерді дамыту арқылы жұмыс істеу шын мәнінде қызықты және үлкен ләззат сыйлайды. “Қоғамға қызмет ету” пәнін іске асыру «ерекше» балалардың қазіргі қоғамда бейімделуі үшін әлеуметтік өзара іс-қимыл ресурстарын кеңінен пайдалануға мүмкіндік берді.