«Туризм» күніне Шерқала-Ақмыш сай тур

2023 жылдың 1 қазанында «6В11101-Туризм» мамандығының студенттері Дүниежүзілік туризм күніне арналған Шерқала-Ақмыш бағыты бойынша туристік жорық ұйымдастырды.  Бұл бағытта студенттер Маңғыстау облысының символы-Шерқала тауымен, Торыш шарлары алқабымен, сондай-ақ Ұлы Жібек Жолы қалаларының бірі болған Қызылқала қалашығының қалдықтарымен танысты. Туризм мамандығының 4 курс студенттері 2 курс студенттеріне экскурсия өткізіп, маршрутпен толық таныстырды. Yessenov University студенттерге көлік ұсынды.

Leave a Reply