30 жыл университетпен бірге!

2023 жылдың 6 қараша күні Есенов университеті, Туризм және тілдер факультеті, Халықаралық қатынастар және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен, кафедра доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Медиханова Ақмарал Бактыгалиевнаның 60 мерейлі жасқа толуына орай мерекелік шара өткізілді. Шара барысында факультет деканы Айтбаева Н.К., кәсіподақ ұйымының басшысы Жамилова Ж.Б., кафедра оқытушылары, студенттер жылы лебіздерін жеткізді. Алдағы айда ғалымның мерей жасына арналып ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Медиханова А.Б 1993 жылдан бүгінгі күнге дейін Есенов университетінде тыңбай еңбек етуде.

Leave a Reply