Цифрлық құралдар мен жасанды интеллект: білім берудегі жаңа мүмкіндіктер

Филология және спорт факультеті «Ағылшын филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен, ұйымдастырушы аталмыш кафедраның аға оқытушысы Дальмуханова Феруза Козибаевна «Ғылым күні» қарсаңына орай «Importance and types of digital tools and AI in ELT» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Қазақстанның бірнеше жоғары оқу орындарынан студенттер қатыстырылды. Дөңгелек үстел аясында белсенділік танытқан Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті «6В01714 Шетел тілдері (IP)» БББ студенттері, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «6В01705 Шетел тілдері» БББ студенттері және Есенов университеті «6В01705 Шет тілі: екі шет тілі» БББ студенттері марапатталды. Шара барысында білім беру үдерісінде цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні тиімді қолдану мәселелері талқыланып, білім алушылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Дөңгелек үстелге белсенді қатысып, мазмұнды пікірлерімен ерекшеленген білім алушыларға сертификаттар табысталды. Іс-шара ғылыми ортада өзара тәжірибе алмасуға, заманауи технологияларды оқыту үрдісіне енгізудің маңызын арттыруға ықпал етті.

Leave a Reply