2023 жылы 15 қыркүйекте Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Туризм және тілдер факультеті «Каспий маңы мемлекеттерінің халықаралық қатынастары» мамандығының 2 курсының көптілді оқу тобының студентеріне кезекті кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатта студенттер Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Академиялық адалдық кодексімен таныстырылды. Топ кураторы, Халықаралық қатынастар және туризм кафедрасының аға оқытушысы Исаева Ләззат Нығметқызы студенттерге Кодекстің мақсаты – университеттің білім алушыларының, профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерінің бойында адал, ашық, шынайы және сенімді қарым-қатынастарды құруды, сонымен қатар өмірде адалдықты дамыту мәселелеріндегі жауапкершілікті түсінуді қалыптастыру екендігін атап өтті. Сондай-ақ куратор білім беру процесіндегі адалдық қағидаларын, білім алушылар мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін, академиялық адалдықты бұзу түрлерін сөз етті. Студенттердің осы кодексті сақтау қажеттігі туралы айтылып, олардың бойында парасаттылық, әділдік, саналылық қасиеттерін дамыту, адал еңбек етудің, терең білім алудың, жауапкершіліктің маңыздылығы насихатталды.