Ақтау қаласы еліміздің негізгі теңіз қақпасы және теңіз жағасындағы туристік база болып табылады. Туризм әлемнің көптеген мемлекеттерінің экономикасында маңызды рөл атқарады. Еліміздің тұрақты туризмді дамыту үшін перспективалы елдердің қатарына кіретінін ел азаматтары жиі айтып жүр. Университет аймақтағы туризмді дамыту ісінен шет қалмаған. Осы мақсатта Ғылыми Кеңес шешімімен «Бизнес және құқық» факультетінің туризм, халықаралық қатынастары бағыттары мен «Педагогика» факультетінің тіл мамандықтары біріктіріліп, 2020-2021 жылдан бастап Туризм және тілдер факультеті құрылды. Факультеттің алғашқы деканы қызметіне әлеуметтану бойынша PhD Тургалеева Акмарал Тургайбековна тағайындалды. Бүгінде Туризм және тілдер факультетінің деканы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Айтбаева Нұрсауле Қонарбайқызы.